Қолданбалы шеберхана зертханасы

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына байланысты  2017 жылдың қыркүйек айынан бастап «Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ –де оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу   мақсатында  шығармашылық зертхана ашылды. Елбасы өз сөзінде: «Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз» деп айтқан еді. Біз осы айтылған идеяның негізінде оқушыларды еңбек сабағында ұлттық қолөнер бұйымдарын озық үлгіде жасауға баулып үйретудеміз. Жалпы мектепте технология сабағын халықтық педагогикамен ұшастырудың маңызы зор. Шеберхана үйірмесінде халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбиелеудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге үйретумен қатар ата-бабадан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар беріп қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушылар үлкен талпыныспен шығармашылық іске кірісері анық. Үйірмеде оқушылар ісмер өнері, ағаш жону, ағашты көркемдеп өңдеу әдісімен  қазақтың ұлттық жабдықтарын жасайды. Олардың жұмыс жасауына мектепте барлық жағдай жасалған.  Осы мүмкіндікті пайдалана отырып оқушылар қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үй сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек өру, ер адамдарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап, оларды түрлі-түсті өрнектермен әшекейлеу өнеріне үйренеді. Үйірменің қарқынды жұмыс жасап тиімді нәтижеге жетуі үшін, әуелі оқушылар арасында әртүрлі зерттеу жұмыстары  жүргізіліп, оқушылардың қай бағытқа икемділігі анықталып  қабілетіне қарай іріктеу жүргізіледі. Сонымен қатар  Үштөбе мектебіне қарайтын магниттік мектептерге осы үйірме бойынша бағыт –бағдар беіледі.  Болашақта жас таланттардың    өз бетінше ізденіп, теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып  жасаған көркем сәндік-қолданбалы өнер туындыларын   аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларға ұсынып,жолын ашамыз ба деген ойымыз бар. Жалпы біздің шеберхананың мақсаты: баланың бейнелі ойлау, өз ойындағыны нобай, сурет, сұлба, сызбалар мен жазықтыққа шығара білу қабілеттерін қалыптастыру. Бұйым жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін, технологиясын пайдалануды игерту арқылы оқушылардың шеберлігін арттыру. Осы мақсаттағы жұмыс өз орнымен тиімді жүргізілсе болашақта  оқушыларың ұлттық  қолөнерімізді игеру арқылы халқымыздың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастырар  деген сеніміміз мол.

 

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий