Күзгі оқу сессиясы

«Үштөбе жалпы орта білім беру тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ 2017 жылдың 24-25 қазан аралығында күзгі сессия жұмысын жүргізді.

Сессияның мақсаты: шағын жинақты мектеп оқушыларына жалпы білім беру пәндері бойынша көмек көрсету. Оқушылардың қазіргі заманда өмір сүруге бағыт-бағдар алуына көмек көрсету, ішкі бейімділіктері мен әр түрлі қызығушылықтарын көрсетуіне, қажеттіліктерін сезініп құзыретті адам ретінде тәрбиелеу мақсатында тірек мектебінің шығармашылық тобымен сабақтар өткізу

Сессиясының міндеттері:

  1. Оқушылардың білімдерін іс жүзінде қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған зертханалық-тәжірибелік сабақтар өткізу үшін қажетті жағдайлар жасау.
  2. Шығармашылық зертханалар мен шеберханалар базасында ШЖМ оқушыларының оқу-тәрбие үдерісін оқу жоспарының вариативтік компоненттерімен кіріктіре отырып ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
  3. Бейіналды және бейіндік оқыту аясында оқушылардың кәсіпалды дайындығын ұйымдастыру.

«Үштөбе жалпы орта білім беру тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ 2017 жылдың 24-25 қазан аралығында күзгі сессия жұмысына «Заречный жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нен 11-сыныптан  4 оқушы, «Байқадам орта мектебі» КММ-нен 11-сыныптан 5 оқушы қамтылды.  Күзгі оқу сессиясының өткізілуіне қаржы бөлінбегені, шағын жинақталған мектептер оқушыларын жату орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндіктің болмағаны себебінен тірек мектебінде тек 11-сынып оқушыларына ғана өткізілді.

Оқушылардың   білімдік қажеттіліктеріне сәйкес  практикалық   қамтамасыз етуге   бағыталатын, бекітілген кесте бойынша биология пәні бойынша 11-сыныптарға  «Топырақтың құрамын анықтау», «Тыңайтқыштарды себу жолдары» тақырыптарында сабақтар жүргізілді.

Мақсаты: 11-сынып оқушыларына теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, ҰБТкездесетін  сұрақтарды практикалық тұрғыдан  көрсету.

 

«Биология және химия өмірімізде» шығармашылық зертханасы. «Топырақтың құрамын анықтау» практикалық жұмысы. Өткізген мұғалімдер: биология пәні мұғалімі Нурмагамбетова К.Ы. химия пәні мұғалімі Салжанова А.С.

«Сахналық өнер» шығармашылық зертханасы бойынша «Сахна тілі. Актерлік шеберлік» сабағы. Өткізген мұғалім: А.С.Исакова.

Сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізілді.
1.Балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде
кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.
2.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырды.
3.Қимыл мен сөз арасындағы байланысы қадағаланды.
Театрландырылған ойын түрлері балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырады, сөздік қорларын байытып, тілдерін дамытуға үлкен әсер тигізеді. Көптеген ойын барысында балалар әр түрлі рөлдерді ойнады.

Ойын үстінде олардың қиялдау, көз алдына елестету қабілеттері қалыптасып, балалардың ой-өрісі кеңейіп, дами түсті.

«Мен таңдаған мамандық» тренинг сабағы. Өткізген директордың ТЖ меңгерушісі Қапашева Қ.Ш.

Тренинг сабақтың негізгі мақсаты: жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыласын анықтау,кәсіптік бағдар  беру.Оқушыларды қоғамдағы еңбектің, мамандықтардың әртүрлерімен таныстыра отырып, қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық  әлемінен ақпарат беру. Тренингтің құрылымы: 11-сынып оқушыларына арналған ойындар, жаттығулар, теориялық бөлімдер, диагностикалық  әдістемелер.

Оқушылар  «Адам», «Техника», «Табиғат»  топтарына бөлініп, бір-біріне жақсы тілектер айта көңіл-күйлерін ретке келтірді. Тренинг жаттығуларының тәртібі мен қағидалары ескертіліп, шарты мен ережесі түсіндірілді. Тренинг  «Сәлемдесу-танысу» жаттығуымен басталды. Әр елдің салты бойынша амандасу  түрлерін жасады. «Мамандықты тап» ойынында  тренингке  қатысушы оқушылар екі топқа бөлініп әр топқа үлестірме қағазға жазылған мамандық атаулары берілді. Әр топ мүшесі басқа топқа қолындағы мамандық атауын ыммен бейнелеп көрсетеді, келесі топ қандай мамандық екенін табуы керек.  Мысалы: хирург, аспаз, кітапханашы, жүргізуші, т.б.

Келесіде «Кім көбірек мамандық атайды?» жаттығуында оқушылар шеңбер құрып, бір –біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін қайталамай атайды. Кім көп мамандық түрлерін атаса сол жеңіске жетеді.

Теориялық бөлімде оқушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы бөлісті. Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер, бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру, достарынан қалмау үшін мамандық таңдау,  мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі, өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу т.б. туралы оқушыларға кеңес берілді.

«Мамандық» акроөлең жаттығуында  әр топ мамандыққа байланысты акроөлең шығарып, оқыса, «болашаққа хат» жаттығуында   мектепті бітіріп, есейген, қызметі, жеке өмірін көз алдарына елестетіп хат түрінде жазып, болашақта кім , қандай мамандық иесі болатынын көрсетті. Тренинг  Сізге  тренингте не ұнады?  Өзіңізді жақсы түсіне алдыңыз ба? Мамандық таңдай алдыңыз ба? т.б. қорытынды сауалнамамен аяқталды.

«Қолөнер» шығармашылық зертханасы бойынша «Домбыраның беткі тақтайын 5 мм етіп қию» сабағы.

 Өткізген технология пәні мұғалімі Муратбеков К.Х.

 

«Қолөнер» шығармашылық зертханасы бойынша «Басқұр туралы мағлұмат» сабағы. Өткізген технология пәні мұғалімдері Г.Искакова, Дюсембаева Ж.Н.

«Басқұр туралы мағлұмат», «Мата, ою таңдау. Эскизін салу, қию» тақырыптарында  сабақтар жүргізілді. Мақсаты:  оқушылардың  шығармашылық білімдерін дамыта отырып,  матаны дұрыс таңдау,  ою-өрнекті бұйымға үйлесімді  қондыра білуге үйрету, эскиз сала білуге,  ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ зертханалық жұмыс болғандықтан   тігу, қию және жабыстыру іс-әрекеттері орындалды. Көрнекілікке мата түрлері, картон қағаз, қайшы, ине –жіп, ою эскиздері т.б. алынды.
Сабақ  бейнелеу, әдебиет, тарих және сызу пәндерімен байланыстырылды.

Сабақ барысында оқушылар басқұр туралы мәлімет алып, оны жасау жолдарымен танысты және практикалық түрде жасап үйренді. Тігін машиналарын қолданып,  матаға оюларды қондырды.

Бейнебаяннан ертедегі басқұр турлері көрсетіліп, қазіргі заманауи түрлерімен салыстырылды. Әр сабақта ата-бабадан қалған ұлттық құндылығымызды сақтап дәріптеу қолданылды.

Қорыта келгенде,  оқушылар сұрақ –жауап арқылы түсінбеген,  білмеген, жерлерін сұрап, көзбен көріп, қолымен ұстап, жұмыстың сапалы шығуына талаптанып үйренді.

Оқушылар басқұрдың киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегеніңтүйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ  тоқыма құрал  екенін білді. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатын, ені 20—30 см. болатын өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқитынын білді.

 

«Сахналық өнер» шығармашылық зертханасы бойынша «Золушка» репертурын таңдау. Эпизод бойынша жұмыс жасау (ағылшын тілінде)» сабағы. Өткізген ағылшын тілі пәні мұғалімдері: А.М. Жанузакова, А.Баймағамбет.

Один из главных элементов театрального искусства — игра. В начале урока с учениками была проведена речевая разминка в виде скороговорок на английском языке. В ходе урока учителями была проведена игра  “Emotions”  где ученики каждой группы демонстрировали разные эмоции и оценивали группа- группу. В качестве практического задания были сыграны мини сказки «Колобок» и «Репка». Члены группы разделили между с собой роля. После подготовки  каждая группа поставила сценку своей сказки. Две группы справились хорошо. В завершении урока спели песню из мультфильма «Золушка»  «The dream is a wish». Цель занятия была достигнута. Каждое задание было выполнено на высшем уровне. Все учащиеся были задействованы.

«Физика. Техника. Кибернетика» шығармашылық зертханасы бойынша «Блогосфера – қазіргі заманғы журналистика жанры ретінде» сабағы. Исмаилов К.Т.

«Физика. Техника. Кибернетика» шығармашылық зертханасы бойынша «Болашақ инженер». «Creo.Parametric» түрлері» сабағы. Ахметчин Е.К.

На установочной сессии в рамках инженер будущего были проведены курсы по 3Д моделированию болты гайка шахматны фигуры. Учащиемся познакомились с программими по 3Д моделированию, поработали с программой  creo parametric создали простейшие модели болт гайка и шахматны фигуры позакомились с работой creo parametric и с работой 3Д принера.

В рамках усатовочной осенной сессии учащиеся магнитных школ также были ознамкомлены с программы Creo Parametric. Учащиеся получили представление о блогах, ознакомились создавать детали работо 3Д принтерами.

Курсы вызвали у учащихся неподдаельный интерес, однако необходимо отметить, что сессия была укороченной, поэтому не было возможности ознакомить учащихсия со всеми возможностями системы управления 3Д моделирования. Также не прибыли руководительи кружков магнитных школ или ответсвенные за воспитательную работу, в итоге ознакомительная работа проведена только с учащимися, не удалось создать творческие количество часов, организовать организованный подвоз учащихся, ришить вопрос с широкополосных интернетом в магинтных школах. На зимнюю сессию необходимо увиличить количество часов, организавать организованный подвоз учащихся , решить вопрос с широеополосным школах.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий