Архив для марта, 2019

Конвенциямен балалық шақ әлемі

15 наурызда балаларға арналған «Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты сауалнама өткізілді. Мақсаты : балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелері туралы өз құқықтары туралы хабардарлық деңгейіне мониторинг жүргізу. Сауалнамаға 5-11 сынып оқушыларынан 310 оқушы қатысты. Сауалнамада қамтылған 20 сұраққа оқушылар сұрақтарға жауап беріп, білім нәтижелерін көрсетті. Бала құқықтары туралы Конвенция неше баптан тұрады? сауалына 232 оқушы- 54 бап деп жауап берсе, Өз құқықтарыңызды білесіз бе?213 оқушы «ия» деп жауап берді,  Қандай құқықтармен таныс екеніңізді белгілеңіз? сауалында оқушылар көрсетілген барлық құқықтарын білетіндігін белгіледі. Құқықтық білім туралы сауалнамада  өз деңгейлерінде сай дұрыс жауап берді.

 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

Үштөбе орта мектебінде 18 наурыздан бастап Наурыз мерекесі тойланды. Мақсаты: Оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру; Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

1-11 сынып жетекшілер «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын», «22 Наурыз – көктем мен еңбектің мерекесі», «Наурыз – первый день нового года», «Ұлыс оң болсын», «Қош келдің, құтты Наурызым!» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.

1-4 сынып оқушылары қазақ  халқының  дәстүрлері  бойынша  өз білімдерін  көрсетіп,  бірнеше  сынақтардан өтті.  Наурыз думан туралы  өлеңдерін  жатқа  айтты.  Залда  олардың  сыныптастары, мұғалімдері  мен  ата- аналары  қолдап,  қошеметтеді.  Танымдық  ойын-сауық бағдарламасы  өте  қызықты  өтті,  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін  құрметеуін  тәрбиелеуге  себепші  болды,  оқушылардың  ұлттық  тағамдар  мен  қазақтың  ұлттық ойындары көрсетілді. Сайыс өте қызықты деңгейде өтті, ән шырқалып, би биледі.

20 наурыз күні 8-11 сыныптар арасында «Жаса, наурыз дәстүрлі» тақырыбында әр сынып бір ауыл болып, қазақтың дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Барлық сыныптар өте жақсы деңгейде қатысты.

ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ФОРУМЫ -2019

16  наурыз күні Қарағанды қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен  Қазақстан Републикасында жарияланған «Жастар жылы»  аясында қаламыздың ең белсенді, танымал жас көшбасшылары мен облыс метептеріндегі оқушылардың өзін — өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен «Жас көшбасшылар  форумы» өтті. Форумды бастаған  спикерлер өздерінің болашаққа қосқан  үлесі туралы әңгімелеп берді. Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті 10 сынып оқушысы Хайроллаев Елдияр  «Көшбасшылық қабілетін дамытудағы өзін-өзі басқару ұйымының рөлі» атты баяндамасын қорғады. Форум аясында 6 секциялық топқа бөлінген қатысушылардың жұмысы нәтижелі болды.  Мысалы, М.Р. Рымбекова және  Ж. Н. Дюсембаева жетекшілігімен «Қоғамаға қызмет ету» жобасы бойынша 6 сынып оқушысы Артықбай Еңлік пен 9 сынып оқушысы Сабина қатысып «Жылы жүрек» жобасы бойынша презентация қорғады. Стартап «Генерация идей» бойынша Хайроллаев Елдияр өз белсенділігін көрсете білді.Ғылыми жоба бойынша Сигбатуллина Зарина мен Қазкенова Ақбота өз зерттеулерін қорғады. ТЕDх форматтағы баяндаманы 10 сынып оқушысы Серікова Айгерім «Қазақстанның дамып өркендеуіне менің қосқан үлесім» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады.Форумның соңында, қатысушылар өз ойларын және пікілерін ортаға салып, сертификаттармен марапатталды.

Самый нежный праздник весны!

В соответствии с планом воспитательной работы школы и с целью развития творческих способностей обучающихся, с 05-07 марта 2019 года в школе проведены праздничные мероприятия, посвященные празднику весны, 8 Марта.

Вместе с весной к нам пришел прекрасный и замечательный праздник – Международный женский День 8 марта. 8 Марта — самый удивительный, самый нежный праздник весны! Этот день особенный, он согрет лучами солнца, женскими улыбками, украшен россыпью цветов, нежностью.

В преддверии праздника в нашей школе прошли праздничные мероприятия, посвященные женскому дню.

Открыли праздничный марафон 05.03. ученики начальных классов, которые подготовили празднично-развлекательную программу «От улыбок маминых светлей». Проводили конкурсы, поздравляли собравшихся и гостей с праздником, подготовили разнообразные номера художественной самодеятельности. Танцы сменялись стихами, песни — конкурсами. Поздравления, песни, танцы, стихи звучали для учителей и учеников.

Эстафету подхватили ученики 5-7 классов. 06.03. в школе прошла праздничная линейка.

06.03. состоялось праздничное мероприятие, где каждый класс выступил в различных жанрах. Например 8А класс подготовили юмористическую сценку «Из жизни девочек», из 8Ә класса была исполнена песня Казыл Уланом «Қызғалдақ қыздар», 10 классы станцевали флешмоб, 9 классы исполнили современный танец. И 7 марта состоялся традиционный праздничный концерт с участием учителей с дочерьми. Вокальные номера и танцевальные композиции, национальные танцы, подготовленные ими, подарили всем присутствующим гостям много приятных и положительных эмоций. Концертная программа оставила на память о себе хорошее, солнечное, праздничное настроение!

Всем огромное спасибо за прекрасно организованное мероприятие.

Конкурс агитбригад, посвященный 30-летию вывода войск из Афганистана

27 ақпан күні Үштөбе ЖОББТМ (РО) КММ-нің тәлімгерлері Жумакаева Л.А. және Нуржанова П.Н., ұйымдастыруымен «Ұшқын» Қарағанды қаласының жастар және жасөспірімдер сарайында өткен облыстық үгітбригада байқауына қатысып, белсенділік танытты.