Архив для апреля 1, 2019

«Кітап –асыл қазына»

Наурыз айының бірі күні Үштөбе ЖОББ ТМ (РО) КММ-де «Кітап –асыл қазына» атты  Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесінен бастау алған «READx» жобасы аясында оқырмандар жиыны өтті. Оқыған кітабы жайлы оқырмандарға шабыт беріп, қорытынды жасап бағалау «READx»  жобасының басты мақсаты болды.

Жобаға   60 оқырман, 5 спикер қатысты.  Спикерлер құрамыда үш оқушы, екі мұғалім болды. Физика пінінің мұғалімі Керімбай Ерлан Сәкенұлы жапон жазушысы Харуки Муракамидің «Норвежский лес», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Ержаноавна  Мұхтар Мағауиннің «Шақан шері»,  10 сынып оқушысы Серікова Әйгерім Гарри Поттердің «Джоан Роулинг»,              7 сынып оқушысы Несіпбекова Гүлім Бердібек Соқпақбаев ағамыздың «Менің атым Қожа» және Байқадам КММ-нің 11 сынып оқушысы Жекебай Данагүл М.Әуезовтың «Абай жолы» романымен таныстырып оқырмандардың көңілінен шыға білді. Оқырмандар «READx» оқу алаңынан шабыттанып тарқады.

Наурыздың 13 күні С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа екі тілде оқытылатын оқушылармен бірге мектеп ұстаздары да қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері әділ қазылар қызметін атқарып, сайысқа қатысушылардың әділ бағасын беріп, марапаттады. Технология пәні мұғалімі Б.А. Қарашолақов Сәкен ағамыздың «Тау ішінде» өлеңін әндетіп айтса, өзін-өзі пәні мұғалімі Қ.М.Жунусова Сәкеннің бірнеше өлеңдерін нақышына келтіре оқып   берді.

Жыл басы Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық және кітап көрмелері қойылды.

Ақпан айының 25 –нен наурыздың 7 аралығында  мектебімізде «Буккроссинг» кітап алмасу акциясы өтті. Оқушылар ертегілер, әңгіме, өлеңдер жинақтарымен бірге  журналдарды да әкелді.