Үштілді білім беру аясында «Ауыл мектептерінде үштілді білім беруді жүзеге асыру жолдары» атты облыстық семинар өткізілді.

2019 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу — әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес үштілді білім беру аясында Бұқаржырау ауданы Үштөбе ЖОББ ТМ (РО) базасында «Ауыл мектептерінде үштілді білім беруді жүзеге асыру жолдары» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында мектеп мұражайы  ашылып, ұстаздар қауымы тарихи оқиғаның куәгері болды. Мұражай қонақтарына мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мұражай экпонаттарымен таныстырып өтті.

«Педагогикалық тәжірибе» бөлімінде үштілді білім беру аясында 2- сыныпта орыс және ағылшын (Г.К.Жумекенова, А. М. Жанузакова) пәндерін кіріктіре отырып «Ауа райы» тақырыбында, информатика пәні бойынша (Алтынбек Ө.) «Алгоритмді программалау» тақырыбында, 11 «В» сыныбында қазақ және ағылшын тілі пәндері (Кусаинова Ж.Ш., Штейнбренер А.С. )кіріктіріле отырып «Еліміздегі тарихи ескерткіштер жайында» тақырыбында ашық сабақтар, сонымен қатар 8 «А»- сыныбында химия пәні (Салжанова Ә.С.) бойынша «Қышқылдар мен негіздер тақырыбында және 8 «Ә» -сыныбында биология (Нұржанова П.) пәнінен «Сүйектің құрамы», физика (Темірбекова Н.Б.) пәнінен «Жарықтың шағылуы» тақырыптарында вариативтік курстар үш тілде жүргізілді. Мұғалімнің бір – біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары оқушының ынтасын оятып, білмекке ұмтылдырды. Сабақтарда қолданылатын технологияның тиімділігі оқушылардың ана тілінен басқа да тілдерді меңгеріп, терең білім алуынан көрінді.

Мектепте бастау алған Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін тарату бойынша, «Қазақ тілі-рухани жаңғыру өзегі, болашақ бағдары», «Development of pupil’s speaking culture trough extracurricular events», «Развитие речевой культуры учащихся по русскому языку и литературе» жобалары ұстаздар назарына ұсынылды.

Семинардың соңында «Шығармашылық зертханалар жұмысы» бөлімінде  мектептің акт залында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллиннің  «Тар жол, тайғақ кешу» романынан үзінді, «Фольклорный праздник. Русские посиделки», «The Earth our native home» «Земля-наш дом родной» тақырыптарында сахналық қойылымдар көрсетілді.

Семинар соңында «Ашық микрофон» әдісімен әсерлі  сабақтар мен мазмұнды сыныптан тыс жұмыстар бойынша   рефлексия жасалды.  Семинарға Абай, Осакаровка, Бұқаржырау, Нұра аудандарынан және Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларынан 60 жаратылыстану- математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

 

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий