Сап және саптық әндер байқауы

«Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ-де 2019 жылдың 8 мамырында  «Патриот» айлығы аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 27 жылдығына және Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 74 жылдығына арналған  дәстүр бойынша саптық әндер байқау-конкурсы өткізілді.

Іс шараның мақсаты — қазақстандық патриотизм және азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу, қазақстандық жауынгердің келбетін қалыптастыру болып табылады.

Іс шараға мектептің 5-10-сынып  оқушылары қатысты.  Сыныптар   жақсы дайындықпен келгенін атап өту қажет.   Әділқазылар алқасы тек саптық сайысты ғана емес, саптық әндердің орындалуына   сондай-ақ үлгі етер сыртқы келбетке де назар аударды.

Конкурс қорытындылары бойынша әділ қазылар алқасы жеңімпазды анықтады.

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий