Қазақстан Республикасы халақтарының Тілдер күні

«Үштөбе ЖОББ ТМ (РО) КММ –де Қазақстан Республикасы халақтарының  Тілдер күні мектепішілік мереке болып аталып өтті. Мерекені атап өтуге  қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәнінің мұғалімдеріні  ««Тіл мәртебесі – ел мәртебесі», «Үштілділік – заман талабы»» атты апталық өткізді. Апталықта іс-шаралар жеке жоспармен өткізіліп,  соныңда салтанатты жиынмен  қорытындыланды.

Іс-шаралар жас ұрпақтың бойына тілге, елге Отанға деген сүйіспеншілік пен көптілділік қасиеттерді дарыту мақсатына қол жеткізу үшін бағытталды. Өткізгілген іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді.  Бұндай іс-шаралар оқушыларға үш тілде сөйлеу мәнері мен тіл игерудегі  дағдыларын көрсетулеріне мүмкіндік берді. Ауқымды шарада Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар екенін және бұл күні — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні құрметіне  2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Елімізде Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатындығына аса мән берді. Келер жылдың  Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 мерейтойы қарсаңында оқушыларды хабардар ету үшін Абай өлеңдерінен жыр сайыстарын, оқушылар арасында «челенж», бюастауыш сыныптарда ақынның табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне суреттер көрмесі, «Ұлылардан ұлағат» Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсынов шығармаларынан кітап көрмесі, «Қазақ тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректі фильмдер көрсету, «Жыр сандық» Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсынов өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды

Қорытынды салтанатты жиын үш тілде өтті. Онда апталыққа қорытынды жасалып, шығармашыл оқушылар өз өнерлерін үш тілде көрсетті.

 

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий