Архив для октября 18, 2019

«Рухани келісім — тұрақтылықтың іргетасы»

 

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Үштөбе мектебінде»Рухани келісім — тұрақтылықтың іргетасы» тақырыбымен іс-шаралар жоспары құрылды. Мақсаты – оқушыларға  Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық маңызын түсіндіре отырып,қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

1992жылы қазанда Рухани келісімнің І әлемдік конгресі өтті. Ол кезде еліміздің астанасы Алматы қаласы еді. Конгреске қатысушылар 18 қазанды рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтілді.

Сонымен қатар, пәнінің мұғалімдері Халелова М.Е. мен Аманжанова А.С.  жоғары сынып оқушыларымен «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Негізгі мақсаты оқушылардың діни ұстанымдарын, көзқарастарын қалыптастыру. Қоғамдық ортада өзге діни теріс ағымдардың жетегіне кетіп қалмаудың алдын алу. Оқушылар өздерінің пікірлерімен бөлісіп, талқылап отырды.