Архив рубрики ‘Гордость школы’

Дебаты

25 января дебатный клуб нашей школы принял участие в районном конкурсе дебатов на тему «Ұшқыр ой алаңы». Приняли участие две команды «Барыс» и «Алаш». Это учащиеся 8-11 классов:

  1. Агадибекова Б.К. – 9 «а» кл.
  2. Мұхамбетбек Г.Қ. – 9 «а» кл.
  3. Қуандықова С.Ф. – 9 «а» кл.
  4. Муратбекова У.С. – 9 «а» кл.
  5. Адилов Б.Т. – 9 «а» кл.
  6. Жолтай Р.С. – 8 «а» кл.
  7. Гатаулина А. – 8 «б» кл.
  8. Мусин В. – 11 «в» кл.
  9. Гончаров К. – 11 «б» кл.
  10. Денисов К. – 11 «б» кл.

Ребята показали  умение мыслить в критических ситуациях, дружно  работать в команде и добиваться поставленной задачи, показали свою уверенность и  практику публичного выступления. Команда «Барыс» заняла 1 призовое место, а команда «Алаш» получила грамоту за активное участие и отметили в номинации «Лучший спикер»-Мухаметбек Гульназ .

 

 

Знаменная группа нашей школы

Знаменная группа нашей школы приняла участие в областном смотре знаменных групп, который прошел во дворце детей и юношества города Караганды.Цель данного конкурса: формирование активной гражданской позиции, чувства патриотизма к символам и ритуалам геральдики Республики Казахстан. Выдержка, умение вовремя собраться, настроиться, поддержать своих товарищей, вот те качества, которыми обладают наши знаменосцы! Это: Хижняк Андрей, Ыбырай Мадина, Артыкбай Енлик, Исенов Ағзам, Газизова Амира и Жуматова Амина. Поздравляем наших ребят!

«Eurasia- Art» «Таңғы шұғыла» Халықаралық фестиваль байқауы

Республика Мәдениет басқармасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Eurasia- Art» «Таңғы шұғыла» Халықаралық фестиваль байқауына біздің оқушылар Артықбай Еңлік, Мустафина Дильназ, Букенова Аяулым,Нарынбекова Айдана 3 қараша күні  Астана қаласында 1 дәрежелі дипломға ие болып, Өзбекістан еліндегі Ташкент қаласында өтетін фестиваль-байқауына шақыру алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Күзгі әуен» фестиваль

4 қараша күні мектептің «Әуен» фольклорлық ансамблі  Қарағанды қаласында өткен халықаралық «Күзгі әуен» фестиваль — байқауына қатысып Гран-При  жүлдесіне ие болды. Қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап өнер көрсеткен жас бүлдіршіндерге алдағы өнер жолында шығармашылық табыс, құнарлы білім, қызықты өмір тілейміз.

«Жыл мұғалімі-2018»

2018-2019 оқу жылында Бұқаржырау аудандық «Жыл мұғалімі-2018» байқауы өтті. Бұл байқауға «Үштөбе ЖОББТМ (РО)» КММ-ден бастауыш сынып мұғалімі Нүрпеисова Жанаркүл Балтиевна қатысты.   Сайыс 3 кезеңнен тұрды.  1 кезеңі  пән бойынша сабақ өткізу, 2 кезеңінде сыныптан тыс жұмыс,  3 -қорытынды кезеңі болды. Жалпы сайысқа  10 үміткер қатысты.

Жанаргүл Балтиевна математика пәнінен «Көбейту мен бөлуге есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өткізсе,  «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбында сыныптан тыс жұмысын көрсетті.  Жанаргүл Балтиевнаның еңбегі еш кетпеді. Сабақтары жоғары деңгейде өтті. Ал қорытынды кезеңінде барлық қатысушылар арасында ашық түрде сынақ өткізілд. Бұл соңғы сынақтың өзі төрт кезеңді құрады. 1-кезеңі «Визиттік карточка» . Мұнда Жанаргүл Балтиевна өзінің  шығырмашылық шеберлігін, сөйлеу мәнерін көрсетіп өзін таныстырып шықты. Екінші кезеңі  «Ашық микрофон» деп аталды. Мұнда «Мен Білім Министрі болсам…..» деген тақырыпта өз ойын еркін айтып шықты. 3 кезеңі ситуациялық жағдай, бұл сыннан да сүрінбей жауап беріп шықты. 4-кезеңі үй тапсырмасы «Мұғалімнің демалыс күні» деп аталды. Мұнда  слайд көрсету арқылы өз отбасындағы жексенбі күнгі демалысын әріптестерімен бірге сахналық қойылым арқылы көрсетті. Жанаркүл Балтиевнаның   актерлік шеберлігі басым болды. Осы сайыс арқылы Жанаркүл Балтиевна өзін жан-жақты қырынан таныта білді.  Осы сайыстың нәтижесінде Жанаркүл Балтиевна 2-орын иеленіп, Мадақтама қағазымен марапатталып, сыйға   принтер алды. Біз Жанаркүл Балтиевнамен мақтанамыз. ОЛ кісі өте еңбекқор, шебер ұстаз. Жанаркүл Балтиевнаны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Қайролла Зере жүлделі ІІІ орынға ие болды

2018 жылдың 11 ақпанында кекушинкай-каратэден Павлодар қаласында өткен облыстық ҮІІІ ашық чемпионатта мектебіміздің 2-сынып оқушысы Қайролла Зере жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

   

Талабыңа нұр жаусын, Шұғыла!

UCMAS ментальді арифметиканың халықаралық бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында өткен Қысқы турнирінде мектебіміздің 6-сынып оқушысы Түсіпова Шұғыла жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, ІІ орын дипломының иегері атанды. Талабыңа нұр жаусын, Шұғыла!

    

«Ақын –халық жүрегінде» атты республикалық шығарма және өлең байқауы жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«Ақын –халық жүрегінде» атты республикалық шығарма және өлең байқауында 8 «Ә»-сынып оқушысы Құтжанова Медина бас жүлде (пән мұғалімі Кадирберлина А.А.), 9 «А»-сынып оқушысы Нарынбекова Назым ІІІ орын иеленді (пән мұғалімі Тяженова Г.И.).

     

 

«Мен құрастырған ертегі», «Жыр жауқазыны», «Әке -асқар тау» байқаулары жеңімпаздарын құттықтаймыз!

IQ CENTER республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар, байқаулар порталы ұйымдастырған «Мен құрастырған ертегі» байқауында 5-сынып оқушысы Артықбай Еңлік ІІІ орын, 6-сынып оқушысы  Қасымбек Бекғәділ ІІ орын, 8-сынып оқушысы  Мукушева Аяла  алғыс хатпен, «Мәнерлеп оқу» байқауында 7-сынып оқушысы Қазыл Ұлан І орын, «Әке – асқар тау» байқауында 8-сынып оқушысы Құтжанова Медина ІІІ орын, «Жыр жауқазыны» байқауында 8-сынып оқушысы Искакова Далила  ІІ орын, 11-сынып оқушысы Сыздық Санжар ІІІ орын иеленді, Қыс қызығы» байқауында 8-сынып оқушысы Сарбасова Камила Алғыс хатқа ие болды. Пән мұғалімдері: Тяженова Г.И. Кадирберлина А.А. Жунусова Қ.М.

     

 

  

 

I

Х республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі

Х республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде «Тілші-әдебиетші» конкурсы бойынша 9 «Б»-сынып оқушысы Алымова Ангелина  І орын (пән мұғалімі Кусаинова Жанар Шариповна), 8 «А»-сынып оқушысы Мұратбекова Үміт ІІ орын (пән мұғалімі Кадирберлина Асель Алдаберлиевна), «Жазушылар» конкурсы бойынша 10 «Б»-сынып оқушысы Мусин Владимир І орын иеленіп,  мектеп абыройын арттырды (пән мұғалімі Исакова Акдидар Самиевна).