WordPress шаблоны скачать; прочитайте про создание сайта самостоятельно; изучите русский WordPress на WordPress API.
 

«Мен-зерттеушімін» облыстық фестивалі

ҚР ШҒА ОҚ бөлімі өткізген бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Мен-зерттеушімін» облыстық фестиваліне белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марпатталған бастауыш сынып оқушылар:

1.Бейсенбай Абдухафиз, Жақыпбек Әмина, Кеңесов Әлімбек, Кеңесова Жансая, Қайратқызы Аяулым, Қуат Зере, Наисейева Айлана, Нұрбек Ләйлә, Төлеутай Ділназ.

Облыстық ХІ Абай оқулары

2017 жылдың 20 қыркүйегінде Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткен Облыстық ХІ Абай оқуларына 11-сынып оқушылары қатысты. Жаманова Дариға және 10-сынып оқушысы Есеналиева Айдана «Абайға арнау» номинациясы бойынша ақындық шеберліктері үшін Алғыс хатпен, 11-сынып оқушысы Кабашева Тоты «Фотоальбом» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері Қапашева Қ.Ш. Кадирберлина А.А.

11-сынып оқушысы Жаманхан Асанәлі

2017 жылдың 14-16 маусымында Санкт-Петербург қаласында И.И.Менчиков атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік университетінде өткен медициналық микробиология, эпидемология және клиникалық микробиологиядан Ресей-Қытай конгресінде жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми жұмыстар байқауында 11-сынып оқушысы Жаманхан Асанәлі жеңімпаз дипломына ие болды.  Ғылыми жетекшісі: биология пәні мұғалімі Нурмагамбетова Қ.Ы.

Рухани жаңғыру бағдарламасы Үштөбе орта мектебінде бастау алды

Үстіміздегі жылдың басты жаңалығы –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарыққа шығуы болды. Аталған мақаланың білім саласында маңызы айқын.

Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім, ардагерлерге құрмет, Отанына адал қызмет ету мақсатында Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын, мерекелерді тарихи ескерткіштің жанында өткізу дәстүрге айналды.  Мектебімізде ашылған «Тағылым» туристік-өлкетану үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда.  «Тағылым» үйірмесінің мақсаты: туристік – өлкетану қызметі арқылы оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанға, елге деген құрметі пен мақтанышын нығайту. Туған елінің тарихи тұлғалары мен ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге тəрбиелеу, туристік шеберлікті меңгерту жəне үйретуді көздейді. Оқушылардың өз өлкесіне тəн негізгі ерекшеліктерді анықтауға жағдай жасайтын, өлкетанудағы оқу-ізденушілік əрекетінің негізгі түрі ретіндегі бұл бағдарлама, іздеу-зерттеу əрекеттерінің алгоритмі болып табылады. Бағдарлама жан-жақты сипатқа ие жəне туған өлкені, ауылды немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.

Сондай- ақ, осы оқу жылынан бастап «Туған өлке тарихы»  мектеп мұражайы іске қосылып, мұражай жетекшісі мектеп ұстаздарының және оқушылардың көмегімен ауыл тұрғындарынан, ата-аналары, өздері танитын көненің көздерінен, қазақ халқының ұлттық киім-кешектерінен бастап тұрмыс тіршілігінде қолданған заттарын жинап, оларды жаңартып, қолданған кезеңдері, атаулары туралы мұражайды экпонаттармен толықтыруда. Үштөбе ауылының тарихы, еңбек ардагерлері, тыл ардагерлері, мектеп тарихы т.б. туралы фото-альбом, мәліметтер жиналуда.

«Шеберліктің шегі жоқ» қолөнер үйірмесі халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы-қолөнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі ақылы қазіргі заманымызғы лайықты сапа түр беріп, сәндік қолөнерді дамыту мақсатында жұмысын жалғастыруда.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспіпрімдер ұйымының мүшелелері  «Туған елге тағзым» жобасымен жұмыс жүргізуде.

Атап айтар болсам, 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай  ауылымыздың еңбек ардагерлерімен  мектептің конференция  залында 5-сынып оқушыларымен ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, олардың әңгімесінің мәнін ұғына білу, үлкенді сыйлау, құрметтеу, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету мақсатында сыр-сұхбат ұйымдастырылды.

«Жас Ұландар» командасы жалғызбасты, көмекке мұқтаж ардагерлерге барып, қал-жағдайларын біліп, көмек көрсеткендеріне үлкендер оқушыларға ризашылықтарын білдірді.

Рухани-келісім күніне орай қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы және дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы  ауылдық мешіттің имамы Жандос Әшімұлы кеңінен түсінік беріп, оқушылар сауалдарына толық жауап берді. Тарих пәнінің мұғалімдері мен сынып жетекшілері бірігіп «Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында өткізілген  дөңгелек үстелдің де ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру- әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды жолдары» тақырыбындағы  пилоттық жобаны жүзеге асыру   және  Тәуелсіздік күніне орай байқаулар жарияланды. Мысалы, «Қазақстан-ортақ үйіміз» сурет байқауы, «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» шығарма байқауы, «Менің Отанымның тарихы» көркем сөз оқу байқаулары ұйымдастырылды.

Мектебімізде латын әліпбиін оқып үйренуге ынта қойған бір топ оқушылар мен мұғалімдермен жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектепте  этнопедагикаға байланысты  ұлттық жаңашыл қызықты идеяларды оқу процессіне еңгізуде де біршама жұмыстар жүргізілуде. Этнопедагогикаға байланысты тәрбие сағаттарын өткізу барысында ұлттардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан  жүйелі түрде тәрбие сағаттарын өткізіп келеміз.Мысалы, шаңырақтардың арсында өтетін интиллектуалды ойындарда оқушыларымыз айырықша біліктілік пен іскерлік таныта отырып, орыс, үнді, өзбек, әзірбайжан, корей, түрік,араб және т.б ұлттарының озық дәстүрлерін кеңінен насихаттай білді.

Қазіргі жастар өзіне үлгі тұтар тұлғалардан өнеге ала білуі керек. Осыған орай тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімдері ұйымдастырумен «Мен үлгі тұтар мұғалім», «Мен үлгі тұтар жеке тұлға», «Мен үлгі тұтар ата-ана», «Мен үлгі тұтар дос» атты тақырыптарда 9-11 сынып оқушылары эссе жазып өрелі ой-пікірлерін көрсете білді.

Елбасы бірнеше бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Соның ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы –ерекше маңызды.Мемелекет басшысы өз сөзінде «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен бабаларымыздың, дангөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Бүгінгі жерлестеріміздің жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын дегенін басшылыққа ала отрып «Біз мақтаныш ететін ұлы тұлғалар» тақырыбында жоба бастадық. Яғни, туған жерімізде қажырлы еңбек еткен тыл және еңбек ардагерлері,өнер майталмандары, мәдениет қайраткерлері, спорт шеберлері таға да жеке тұлғаларды бүгінгі жастарға үлгі өнеге етуде бастау алған жобаның атқарар жүгі зерттеу нәтижесі мектеп мұражайының қорын толтырады.

Қорытындылай келе, Елбасымыз үсіміздегі жылдың өзінде еліміздің рухани жаңғыруына ерекше мән беруде. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы мемлекетіміздің күшті де қуатты болуына сүбелі үлесін қоса білуі қажет. Бүгінгі өскелең жас ұрпақ ұлттық рух пен ұлттық сананы жаңғыртуда болашаққа бағытталған үкілі үміт, асқақ арман абыройлы парыз деп қана қабылдамай төл міндет пен тегеурінді талап деп ұғынғандары абзал. Ал мектебіміздегі бастау алған рухани жаңғыру бағытындағы іргелі істер өз жалағасын таба беретіні даусыз.

 

 

 

«Шаңырақ» қауымдастығының I жартыжылдық қорытындысы

Құттықтаймыз!!!

I жартыжылдық  қорытындысы бойынша  I орын «SIRIUS», II орын «ЛАШЫН», II орын «КЕЛЕШЕК»,

III орын «ОҚЖЕТПЕС» шаңырақтары иеленді.

 

«Шаңырақ» қауымдастығы

Ту ұстаушылар байқауы

                                   Ту ұстаушылар байқауы

 

Азаматтық  ұстанымды  белсендіру, Қазақстан  Республикасы рәміздері мен нышандарына  деген отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында

27 қазан күні  «Байқадам орта» мектебінде Қарағанды облысы білім мекемелеріндегі балалар топтары арасында ҮІІІ облыстық ту ұстаушылар байқауына біздің «Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ ту ұстаушылар тобы

1 орынға ие болып мектебіміздің намысын жоғары көтерді. Осы қаңтар айының 18 күні   Қарағанды қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер сарайында өткен облыстық ту

ұстаушылар байқауына қатысып, мектеп намысын қорғап келген болатын.

Ту ұстаушылар Акрамашев Айбат және Хижняк Андрей мен төрт ассистент Ыбырай Мадина,Муратбекова Нурасем,ГазизоваАмира,Жуматова Амина

 

«Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ тәлімгері:  Омирбаева М.Р.

 

Конкурс знаменных групп

В канун Дня Президента Республики Казахстан на базе Байкадамской средней школы  был  проведен районный смотр-конкурс знаменных групп среди общеобразовательных школ Бухаржырауского района, в котором приняло участие и наша школа. От каждой школы было 2 знаменосца и 4 ассистента.

Цель данного смотра-конкурса – это формирование активной гражданской позиции, чувства патриотизма к символам, ритуалам геральдики Республики Казахстан

Согласно положению о проведении смотра-конкурса, знаменные группы должны были продемонстрировать выполнение строевых приемов, склонение знамени, демонстрацию штандарта, смену знаменных групп, рапорт о завершении показательного выступления. В выступлении каждой знаменной группы оценивалось полное выполнение программы, четкость выполнения элементов , внешний вид группы и правильность использования знаменной формы .После выступления всех групп были подведены итоги, и мы заняли 1 призовое место.

18 января наша знаменная группа приняла участие в областном конкурсе знаменных групп и была награждена за активное участие.

 

Заместители директора по ВР Жумекенова Г.К., Капашева К.Ш.

Обсуждение Послания Президента народу Республики Казахстан Н.А. Назарбаева — 2018

20 января 2018 года в КГУ «Уштобинская ОСОШ (РЦ)» учителями истории Халеловой М.Е., Аманжановой А.С. и Тлегеновым  А.Д. было организовано и проведено обсуждение Послания Президента народу Казахстана – 2018. Тема данного Послания «Новые возможности развития  в условиях четвертой промышленной революции». Данное Послание определяет, что необходимо сделать для успешной навигации и адаптации в новом мире – мире Четвертой промышленной революции. Коллектив узнал десять  задач, поставленных перед народом на текущий год. В прениях выступила директор школы С.Ж.Артыкбаева.  Коллектив с большим воодушевлением и единогласно принял Послание и готов добросовестно работать по реализации этой программы на благо Родины.

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

“Өнерлі  өрге  жүзер”,  “Өнерлінің   өрісі  кең”деп  халқымыз  бекер  айтпасакерек.  30 желтоқсан күні  Қарағанды қаласында «Dionis» эстрадно-вокальная студия» ұйымдастыруымен   III Республикалық фестиваль байқауы өтті. Бұл байқауға  Қарағанды облысы  Бұқар жырау ауданы    «Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ -нің  4-5-сынып оқушыларынан құралған «Наз» бишілер тобы қатысып, жүлделі 1 орынға ие болып қайтты. Мектебіміздің мың бұралған бишілері өз өнерлерін   байқауға қатысқан 76 конкурсанттар   арасында паш етіп,  халық қошеметіне бөленді.  Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен  мектебіміздің бишілері 1дәрежелі дипломмен марапатталып,  мойындарына медаль тақты.

Үйірме жетекшісі: Омирбаева Майгуль Рымбековна

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыра отырып, олардың Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында 18-19 қаңтар аралығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты сыныптан тыс іс -шара өтті. 18 қаңтар 3-4 сынып оқушыларынан рәміздер туралы сауалнамалар алынып, 19 қаңтарада 4 сынып оқушылары өз білімдерін көрсетіп, рәміздер туралы қосымша мағлумат алды.