WordPress шаблоны скачать; прочитайте про создание сайта самостоятельно; изучите русский WordPress на WordPress API.
 

Проект «Умный четверг»

В  четверг 24 января  в рамках профориентационной программы «Умный четверг» ученики  встретились с заместителем председателя республиканского общественного объединения ветеранов –афганцев Мусалимановым Талгатом  Кусаиновичем.

Целью данных встреч является мотивация учеников, направление их на путь профессионализма, формирование представлений о различных профессиях.

Талгат  Кусаинович рассказал о себе и своем профессиональном пути, дал полезные советы, поделился мыслями о построении успешной карьеры. Ребята, затаив дыхание, слушали простые скромные рассказы воина-афганца о страшной войне; интересные воспоминания о тех трудностях, которые  пришлось испытать молодым парням, выполняющим приказ Родины.        Талгат  Кусаинович рассказал ребятам о том,  как воевал, за что получили государственные награды, о своих боевых друзьях. После выступления, было, ребятами, задано множество вопросов. Наш гость на все интересующие вопросы дал ответы. А также рассказал о профессии военного.

В заключении  хотелось бы сказать, что пообщавшись с этим интересным человеком, мы поняли, как важна в современном мире профессия военного. И далеко не каждый человек, желающий стать военным, сможет вынести тяготы и лишения военной службы.

Дебаты

25 января дебатный клуб нашей школы принял участие в районном конкурсе дебатов на тему «Ұшқыр ой алаңы». Приняли участие две команды «Барыс» и «Алаш». Это учащиеся 8-11 классов:

  1. Агадибекова Б.К. – 9 «а» кл.
  2. Мұхамбетбек Г.Қ. – 9 «а» кл.
  3. Қуандықова С.Ф. – 9 «а» кл.
  4. Муратбекова У.С. – 9 «а» кл.
  5. Адилов Б.Т. – 9 «а» кл.
  6. Жолтай Р.С. – 8 «а» кл.
  7. Гатаулина А. – 8 «б» кл.
  8. Мусин В. – 11 «в» кл.
  9. Гончаров К. – 11 «б» кл.
  10. Денисов К. – 11 «б» кл.

Ребята показали  умение мыслить в критических ситуациях, дружно  работать в команде и добиваться поставленной задачи, показали свою уверенность и  практику публичного выступления. Команда «Барыс» заняла 1 призовое место, а команда «Алаш» получила грамоту за активное участие и отметили в номинации «Лучший спикер»-Мухаметбек Гульназ .

 

 

Знаменная группа нашей школы

Знаменная группа нашей школы приняла участие в областном смотре знаменных групп, который прошел во дворце детей и юношества города Караганды.Цель данного конкурса: формирование активной гражданской позиции, чувства патриотизма к символам и ритуалам геральдики Республики Казахстан. Выдержка, умение вовремя собраться, настроиться, поддержать своих товарищей, вот те качества, которыми обладают наши знаменосцы! Это: Хижняк Андрей, Ыбырай Мадина, Артыкбай Енлик, Исенов Ағзам, Газизова Амира и Жуматова Амина. Поздравляем наших ребят!

Профилактика кори

Цель: знакомство учащихся с инфекционным заболеванием КОРЬ  и способами профилактики.

Медицинским работником В.В.Хижняк был разработан план по профилактике кори. 18 января на школьных линейках В.В.Хижняк  познакомила учащихся с болезнью КОРЬ, причинами возникновения эпидемии, механизмом передачи, способами защиты от заболевания. А также рассказала о  безопасном поведении и действиях в очагах инфекционного заболевания. Отметила, что каждый ученик  должен развить в себе  чувство ответственности, навыки сотрудничества, внимательность, предусмотрительность, и бережное отношение к собственному здоровью. Оформлен стенд «Профилактика кори» , где  предоставлена доступная информация для учащихся и родителей. Проведены классные часы  с участием медицинского работника Хижняк В.В. на тему  «Летучие вирусные инфекции. Корь.» . Учителями русского и казахского языка были проведены диктанты на тему «Корь». Профилактика кори в школе будет проводится до апреля месяца.

dav

Спорт пен зияткерлік ажырамас тел ұғым

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адам денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Салауатты өмір салтын қалыптаструда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру  бүгінгі күнгі басты талап. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.Осы бастамамен «Үштөбе ЖОББТМ  (РО)» КММ-де 18.01 -02.02 аралығында            «Оқушы, ата-ана және мұғалім» тақырыбында, оқушылар мен ата-аналарға ———спорттық  және зияткерлік ойындарды ойната отырып, спортқа және зияткерлік ойындарға  деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды және ата — аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті де тапқыр, ұтқыр да білімді болу үшін денені шынықтыру, ой-өрісін  дамыту, спортпен және ой-сананы өсіретін үстел үсті ойындарымен  айналысудың қажет екендігін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ата – ана мен бала арасында спорт мәдениетін және зияткерлік ойындардың маңыздылығын кең тарату мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.  Спорттық-зияткерлік  шаралар барысында мектеп оқушыларын әр буын, бастауыш сыныптары 1-4- сыныптар (26.01), орта буын 5-7- сыныптар (19.01) және жоғары  8-11-сыныптар (02.02) бойынша бөліп, арнайы жоспар құрылды. Жоспарда спорттық және зияткерлік бағыттағы көптеген ойын түрлері қамтылды. Ойын жүргізуші белгіленген жауапты, төреші,  ойынға тартылған ата-аналар, оқушылар және ұстаздарға әркімнің өз міндетін және ойын шартын таныстырудан бастады. Әр ойын мысалы: «Шахмат», «Дойбы», «Тоғызқұмалақ»,  «Монополия», «Пентагон», «Эрудит», «Пазлы» жеке кабинеттерде өткізілді.     Дамыту ойындары барысында оқушылар да, ата-аналар да біршама   қиын жағдайларға тап болды, бірақ одан шығар жолды тауып өздерінің ұтқырлығын, білімділігін таныта білді.  Ойын арқылы олардын ойлау қабілеттері  артты. Ойын кезінде оқушы мен ата-ана бойында өзін-өзі ұстау және жинақылық, сыйластық қасиеттері байқалып,   басқалардың ойындағы қателігін көріп өзін жинақы ұстап,  жауапкершілікпен логикалық тұрғыда жақсы ойнай бастады. Біртіндеп дұрыс ойнап, ұстамдылық танытып, әдептілік нормаларын ұғынды.

ХХI  ғасырда  баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіруге бағытталған «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының да маңызы ерекше. Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – тоғызқұмалақ… Ата-ана мен оқушы ойнайтын ойын ортасын құрып,бірінші — бұла күштің толысуына әкелсе, екінші – жылдамдыққа, үшіншісі – табандылыққа бастайды. Ал төртінші бұл спорт түрі  адамды ойлылыққа, күрделі бір істің күрмеу жібін тез шешуге дағдыландыратыны түсіндірілді. Қазіргі уақытта «Тоғызқұмалақ» сияқты қоғамда көбі біле бермейтін, ұмытыла  бастаған ойындардың оралып, мектеп қабырғасында оқушылар сұранысына ие болуы бұл да «Рухани жаңғыру» бағыттарының бір тармағының іске асқандығы, ойынға деген оқушылардың қызығушығылын туғызғандығы мақтаныш сезімін ұялатады.

«Тоғызқұмалақ» ойынын 5-7- сынып оқушыларынан  15 оқушы, 4 ата-ана, 2 мұғалім  ойнады. 7-сынып оқушылары  белсенділік танытып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ:7-сынып оқушысы Жолтай Самат-I орын, 6-сынып оқушысы Изатов Жастілек- I орын, 7-сынып -Мұқажанов А., 6-сынып- Серікова  А., 5-сынып -Мұздыбаева Н. -II орын, 7-сынып Токубаев Ә.-III орын иеленсе, 7-сынып оқушылары-Хижняк А., Асқар А., Абзал Н.-«Алғыс хатпен» марапатталды. Жолтай Саматтың анасы ата-аналар арасында жоғары ұпайға қол жеткізді.

Дене мен қимыл-қозғалысты ширататындығымен  қатар, адамның танымын, ойын жетілдіретін ойын түрлері де жоқ емес.

Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға оқушыларды дайындау,табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және оқушылардың танымдық қызығушықтарын арттыру, ой-өрісін,  зейінін,  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйретіп,  информациялық білім беру мақсатында өткізілген зияткерлік «Пентагон», «Монополия», «Дойбы», «Пазлы», «Эрудит» ойындарын да орта буын оқушылары қызығушылықпен ойнап, нәтижеге қол жеткізді. Әрине ойын кезінде сұрақтар туындап түсінбеушіліктер байқалғанымен ұйымдастырушы мұғалімдер ойын шартын, ережесін толық түсіндіріп, оқушылардың қызығушылығын арттырып, жеңіске жетеледі. «Дойбы»  ойыны оқушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болуымен қатар аталған ойынға  ата-аналар мен әжелер де қатысып, жеңіске қол жеткізіп, ойынның татымды да қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. «Дойбы» ойынына 5-7- сыныптардан  16 оқушы, 4 ана, әке, ата, әже қатысты. Ойын нәтижесінде: I орын-5-сынып Мейрамұлы Ж., II орын-6 сынып Боцан Д., III орын-7 сынып Токубаев Ә., Мубар Б., Серғазы Д. иеленсе,  ата-аналардан I орын –Бейсенбин Мейрам (ата), II орын-Боцан Николай (әке) иеленді. Белсене қатысқан оқушылар ата-анасымен бірге  «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ұсақ моториканы, образдық, логикалық ойлауын дамыту мақсатында  «Пазлы» ойынына 3 аралас командадан құрылған 5-7- сынып оқушылары ата-аналарымен қатысып, барлық командалар ойын, құрастыру барысында ұйымшылдықтарын, эстетикалық талғамдарын танытып құрастырған сурет-картиналарында жоғары нәтижеге қол жеткізіді. Әр команда мүшесі белсенділік танытып, өздерінің құрастырған  жұмыстарына ризалық, өзгенің жұмысын бағалау, құрметтеу  сезімдерін байқатты.

«Монополия», «Пентагон» ойындарына 16 оқушы, 5 ата-ана қатысып, оқушылар арасында командаларға бөлініп, әр оқушы, ата-ана өз қарсыластарынан   басым түсуге тырысты. Ойын барысында бірде ұту, бірде ұтылу болғанымен, ойын нәтижесі алғыр, жеңімпаздарды анықтады. «Монополия» ойынына 21 оқушы, 3 ата-ана қатысты. I орын 5 сынып оқушылары Коккозова С.,Оразова И., 7-сынып оқушысы Қазыл З., II орын   5 сынып оқушысы Аман Б., 6-сынып оқушысы Тлеубек А., III орын 5 сынып оқушысы Мұстафа А., 6-сынып Ахметов Т.,7-сынып Жанзакова Д. жүлделі орындарды иеленсе, «Пентагон» ойынында I орын  7 сынып оқушысы Абенов Е.,  II орын 7-сынып оқушысы  Алтынқұс Ә.,  III орын 6 сынып оқушысы Жұмажанова А. зеректіктерін танытып, нәтижеге қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық, әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Жас ұрпақтың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Қаңтардың жанға жайлы  күнінде қысқы спорт ойындарынан  «Шаңғымен сырғанау» ойынына да оқушылар мен ата-аналардан құрылған командалар мектеп спорт алаңында белгіленген қашықтықта  жарыса, мергендіктерін     танытып, атқан оқтарын нысанаға дәл тигізіп, жеңіске жетті. 15 оқушы, 3 ата-ана қатысқан шаңғымен сырғанау сайысы да өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. I орынды 5 сынып оқушысы Абдуллин Х., II орынды 6 сынып оқушысы  Эдингер С.,   III орынды 6-сынып Ибряев Д.,7 сынып Көмек А., IV орынды Әмірханұлы Ә. иеленді.

«Оқушы, ата-ана және мұғалім» сайысына 5-7сынып оқушылары мен ата-аналарынан құралған «Қыран», «Барыс», «Сарыарқа» командаларындағы ойыншылар өте белсенділік танытып, әкелер мен аналар өздерін балаша сезініп, «Шанамен жарыс», «Допты хоккей», «Шаңғы жарысы», «Межеге дәл түс», «Бобслей» эстафеталарында шапшаңдықтары мен ептіліктерін, мықтылықтары мен ұтқырлықтарын танытып, ойын қызығы көпке дейін ата-аналар мен оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, I орын-«Қыран»,  II орын-«Барыс»,  III орын-«Сарыарқа» командаларының қанжығасына байланып, сайыс соңында естелік суреттерге түсті.

«Шахмат» ойыны  адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.

Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

«Бірінші кезекте шахмат – ол күрес» екендігі де бекер айтылмаған.

Сондықтан, оқушының дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізетін шахмат ойынына 16 оқушы, 4 ата-ана қатысып,  I орын-5-сынып оқушысы Мақұлбаев Е.,Омар И.,  II орын-7-сынып оқушысы Қуандықұлы Ж.,Ахметов Д.(ата-ана),  III орын-6-сынып Исенов А.,Ахина Д.(ата-ана) иеленді.

«Эрудит» зияткер ойында оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау, оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген ойныға  3 отбасы 7 оқушы қатысты. Ойыншылар екі топқа бөлінді.1 орын –Мынбаевтар отбасы, 2 орын- Хабаровтар отбасы, 3 орын-Мукушевтар отбасы.

Мектебімізде бастау алған спорт сайыстары денені сергітіп, денсаулықты нығайтса, зияткерлік ойындар ой-сананы өсіріп, танымдық қызығушығын, белсенділіктерін,  жауапкершіліктерін, ата-аналарымен бір командада болу оқушы үшін мақтаныш сезімдерін ұялатқанының куәсі болдық. Ата-ана мен оқушы және мұғаліммен бірге ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесі жоғары, тәрбиелік мәні зор екені байқалды. Ата-ана мен оқушы және мұғалім үштағанының жұмысын жандандыру біздің, мектеп ұжымының бүгінгі күндегі басты міндеті.

В школьном театре – снова премьера

23 января  учащиеся КГУ «Уштобинская ОСОШ(РЦ)» пригласили всех желающих на премьеру спектакля «Недоросль» по одноименной комедии Д.И.Фонвизина.

В нашей школе второй год ведется лаборатория «Развитие русского языка и культуры  через сценическое мастерство»  под руководством учителей  русского языка и литературы  Галины Сабитовны  Тусупбековой и  Айнагуль Оразовны  Саликовой . За это время было «выпущено» и представлено на суд зрителей  несколько постановок. И каждый раз у педагогов и учащихся находятся новые идеи и творческие замыслы. Выступление на школьной сцене – это всегда праздник, как для организаторов, так и для зрителей.

Этот учебный год также не стал исключением: на днях состоялась премьера спектакля «Недоросль» по комедии Д.И.Фонвизина. В спектакле  принимали участие ученики 8-10-х классов. Представление было, как всегда, очень волнительным и для режиссёров, и для участников коллектива. В назначенный день зрителей встретили красочные театральные декорации и яркие персонажи постановки.

Затаив дыхание, зрители следили за чудесными перевоплощениями на сцене, за тем, как учащиеся выступали как настоящие актеры . Действие сопровождалось замечательно подобранными музыкальными вставками,  что помогало зрителю ещё больше погрузиться в атмосферу происходящего на сцене. Юные актёры совершенно точно сумели передать характеры своих героев.  Яркое преображение ребят украсило спектакль настолько, что нельзя было сдержать радость и гордость за них.

Новых вам театральных успехов, ребята!

 

 

Учитель русского языка и литературы  Тусупбекова Галина Сабитовна

 

Новогодние чудеса продолжаются.

Новый год самый любимый, добрый, сказочный праздник, который ждут в каждом доме, в каждой семье. Новый год — всегда ожидание чуда, волшебных превращений, приключений и удивительных перемен. Люди в Новый год становятся добрее и счастливее. В волшебную ночь у сверкающих огнями ёлок все веселятся и загадывают желания. Именно поэтому в нашей школе к проведению новогодних мероприятий особое отношение.

Наша цель: создать праздничную атмосферу, доставить радость детям, раскрыть творческие способности учащихся через различные виды деятельности.

Задачи:

— развитие способности к эмоциональной отзывчивости;

— приобщение к исполнительской деятельности: танцам, игре, пению;

— воспитание умения вести себя на празднике, радоваться самому и доставлять радость другим.

26-28  декабря 2016 года были проведены новогодние праздники  под руководством классных руководителей.

Подготовка началась задолго до наступления праздника. 8-11 классы начали оформлять актовый зал и фойе школы с 20 декабря. Классные руководители 1 – 4 классов разучивали с детьми стихотворения, песни, танцы, новогодние хороводы, проводили беседы на тему Нового года, новогодних традиций. Огромную работу провели учителя по оформлению классных кабинетов. На утреннике было много гостей.

Дети начальных классов пришли на представление нарядные, веселые в предвкушении праздника. И их надежды оправдались. Педагоги и учащиеся 8-9 классов, участвовавшие в новогоднем представлении, проявили себя хорошими артистами, показав все свое творческое мастерство, артистизм, задор и организаторские способности. Им пришлось перевоплотиться в героев мультфильма «Мадагаскар» .

 

Театрализованная игровая программа «Новогодние чудеса» для учащихся 5-7 классов была насыщена интересными, веселыми конкурсами, играми, задорными танцами, веселыми сценками. Педагоги  перевоплотились в героев, отправившись вместе с ребятами по сказочным странам, в поисках Деда Мороза и Снегурочки, проявляя смекалку и ловкость, веселились сами и радовали родителей. Зрители и участники праздников у елки принимали активное участие в развлечениях, эмоционально воспринимали игру персонажей представления. Все мероприятия прошли на хорошем уровне и создали праздничное настроение у ребят.

dav

Тәуелсіз елім Қазақстан!

«Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралардың жоспары алдын-ала жасалып,  жоспар бойынша сыныптан тыс ашық тәрбие сағаттары, педагог ардагерлермен кездесу өткізілді. Атап айтар болсақ:

12.12. 2018 жылы  1 «А» сыныбында тәуелсіздік мерекесіне байланысты «Тәуелсіз елім Қазақстан!» атты сынып сағаты: Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Тәрбие сағаты  «Тәуелсіздік» «Отаным Қазақстан» «Мен қазақпын» атты оқушылардың өлеңдерімен  басталды. «Елім менің» «Әнұран»  хор  айтылды. «Желтоқсан» оқиғасына байланысты бейнематериал көрсетіліп, тәуелсіздікке қалай  жеткеніміз туралы түсінік берілді. Қазақстан туралы слайд көрсетілді. Соңы «Қазақстан» әнімен аяқталды.

1 «Ә» сыныбында өткен тәрбие сағатына сыныптың барлық оқушылары қатысты.  Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен басталды. Балалар Отан туралы тақпақтарын айтты. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына сурет салды. » «Желтоқсан» оқиғасына байланысты бейнематериал көрсетіліп,  тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы түсінік берілді. Қазақстан туралы

3 «А» сыныбында   «Елім менің-Қазақстан» атты  интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойынға сыныптан екі топ қатысты.  Сайыс 4 кезеңнен құралды.

  1. Бәйге
  2. Тарихи күнтізбе
  3. Сөз құрау
  4. Мақал-мәтелдер айту

Сайыс Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен басталды. Балалар Отан туралы тақпақтарын айтты. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбы түрлі -түсті қағаздан жапсырма жасады, сурет салды. «Желтоқсан» оқиғасына байланысты бейнематериал көрсетіліп,  тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы түсінік берілді. Қазақстан туралы слайд көрсетілді.  Ойын тартысты, қызықты өтті. Соңында  «Жаса, Қазақстан! » әнімен аяқталды.

2 «Ә» сыныбында «Тәуелсіздік туын тіккендер ұмытылмайды атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы

ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларға желтоқсан    құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұлы ғұлама Әл — Фараби. Олай болса, білім бере отырып елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін баланың артында, өз ата — анасы бар екенінде ұмытпауымыз керек. . Тәрбие сағаты мына жоспармен өтілді1. Қайрат пен тергеуші

  1. Сұрақ-жауап. 3. «Желтоқсан » бейнеоролигі 4. «Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын» (презентация) оқушы тілегі
  2. «Сызат» бейнеоролигі. Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде  «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры биік, халқымыздың  еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды  болсын, деп тілейік.

4 «Ә» сыныбында «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.  Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық     тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алған күн екені талданып,көп  мағлұматтар  берілді .Оқушылар  өз ойларын  ортаға салып , бейнероликтер  көрді.

6«Ә» сыныбында  «Тәуелсіздік  елім – Қазақстан » тақырыбында тәрбие  сағаты. Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат, оқушыларға патриоттық тәрбие беру; Отанды сүюге және ерлікке баулу; желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.  Оқушылар    тәрбие сағатын әнұранмен бастады. Отан туралы тақпақтарын айтты,көрініс қойды. «Желтоқсан» оқиғасына байланысты  сұрақтар қойылды бейнематериал көрсетіліп,  тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы түсінік берілді

5 сыныпта  оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар еліміздің өткеніне көз жүгіртіп, бүгінгі күнмен салыстырып, Қазақстанның жеткен жетістіктерін пайымдай білді. Еліміздің елтаңбасы, желбіреген көк байрағымыз, әнұранымыз, Астанамызды айшықтап, қасиеті мен қадірін қастерлеуге үйренді.

7 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты ашық тәрбие сағаты пікірталас ретінде өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алып,
бір минут үнсіздік жарияланды.   «Желтоқсан желі» бейнебаян көрсетілді.

Осы оқиғаны көрген мектебіміздің  мұғалімі Мукушева Айнагул Сембековна көргенін, білгенін айтып, оқушылармен ой бөлісті.

6 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік ел тірегі — білімді ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тақтада «Тәуелсіздік» сөзі үш тілде тұрды. Балалар бір -бірден жан -жағына «біз неден, кімнен айырылдық?» сұрағына оқушылар өз ойын жазып жабыстырды.

Оқушылар «Мен-қазақпын» өлеңін оқып, қазақтың ежелгі белгісін көрсетті және де сол белгінің тарихымен танысты. 3 топқа  мозаика таратылады.  Суретті жинап шыққан адамның өмір баянын айту керек. Олар Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков желтоқсан құрбандары.

Сабақ соңы тақтада болған 16 сөзді алып тастап. «Тәуелсіздік күні арқасында қазір неге жеттік?» сұраққа жауап беріп сол сөздермен алмастырады.

8 «ә» сыныбымен «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақта оқушылар «Тәуелсіздігімізге қалай қол жеткіздік?» тақырыбында видео көрсетілді. Оқушылар өлең оқыды, ән шырқады.

10-11-сынып оқушыларымен педагог ардагерлермен Темирбекова Б.Т. және Өтегенова Р.Б. зейнеткерлер ұстаздармен кездесу  «Кеше», «Бүгін», «Болашақ» айдарымен ұйымдастырылды. Кездесу әңгіме барысында еліміздің тәуелсіздікке дейінгі тарихына тоқталып, бейнебаяндар көрсетіліп, зейнеткер ұстаздар өздерінің өмір жолдарымен байланыстырып оқушыларға әңгімеледі. Оқушылар көркем сөз оқып, өздері дайындаған тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің өркендеу туралы ой бөлісті.Ардагер ұстаздар оқушыларға , болашақ түлектерге жүрек жарды жылы лебіз айтып, сынып сағаты өз мәресіне жетті.

 

Мой независимый Казахстан

Во всех  классах 12 декабря  были  проведены открытые классные часы, посвященные Дню Независимости Республики Казахстан. Целью данных мероприятий было:  Воспитание казахстанского патриотизма и чувства гордости за свою Родину, знакомство с историей своего народа, расширение кругозора учащихся. Развивать мышление и воображение. Закрепить знания о символике

Задачи:

-раскрыть значение понятия «Родина»;

-рассказать кратко о становлении независимости и государственных символах;

-развить гражданские и патриотические чувства учащихся;

-воспитать уважительное отношение к символам своей страны, к её истории, традициям, своим согражданам.

 

Все классные часы начинались с исполнения Гимна РК.

Некоторые классные руководители проводя классные часы использовали новые технологии. Например: в 6 Б классе. На стадии «Вызов»  был использован прием «Мозговая атака». Учащиеся отвечали  на вопросы уверенно, четко и правильно. Заметно, что дети знают исторические даты, термины, осознают свой вклад в процветании Родины – хорошая учеба и примерное поведение.

А в 1 классе учащиеся выразительно прочитали стихи казахстанских поэтов о Родине.  Прослеживалась  главная идея – Родина – слово большое, глубже морей оно, выше небес, в нем умещается ровно полмира, а главное это – родной город, родная квартира, бабушка, школа, котенок и я. Рассказ учителя о Родине сопровождался презентацией под звучание песен и мелодий казахстанских композиторов.

 

В 7Б  классе материал по истории  был представлен роликом « День Независимости РК». Путь казахстанского народа к своей свободе был очень долгим и трудным. История уходит глубокими корнями в глубь тысячелетий. Но, преодолев трудности, Казахстан приобрел независимость .Еще раз прозвучали памятные даты: 25 октября 1990 года- принятие Декларации  о государственном суверенитете, 16 декабря 1991 года- Закон о Государственной Независимости, с 1995 года столицей РК является Астана, 1995 год- принятие Конституции РК. Прозвучала песня журналиста России « Сильные люди сильной страны» Анны Осиповой, посвященной нашей Родине и людям- Казахстана. Каждой группе было предложено задание — рассказать на государственном языке о Родине. Ребята показали отличное владение государственным языком, знание своей Родины.

 

После определения, что такое Конституция, учащимся было предложено из материала выделить права и обязанности. С заданием справились быстро – материал знаком, изучается по предмету «Познание мира». Для снятия усталости была проведена физ. минутка под звучание песни  « Мой Казахстан». Далее вниманию представлен материал о символах – рисунках, знаках. Зачиталась статья Конституции, в которой указывалось, что каждый гражданин обязан знать и уважать государственные символы своей страны.

Каждой группе предложено задание — рассказать о символе- государственном знаке.  С предложенным заданием учащиеся справились. Отрадно заметить , что маленькие граждане знают и умеют наизусть рассказать о символике нашей родины. О значении Родины для каждого человека ребята рассказали, раскрывая смысл составленных ими пословиц.

В конце занятия ребята нарисовали картинку о  родном крае и составили синквейн. Лидеры групп оценили работу группы и отметили вклад каждого участника.

 

Классные часы  прошли на хорошем  уровне.

dav

dav

dav

dav

dav

«Ризашылық»- «Балалардың игілігі үшін мейірімділік» атты қайырымдылық мерекесі

«Үштөбе ЖОББ ТМ (РО)» КММ-де «Ризашылық»- «Балалардың игілігі үшін мейірімділік» тақырыбында оқушыларды қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге, қайырымдылық пен қоғамға қызмет етудің дағдыларын дамыту мақсатында «с-шаралар өткізілді.

     1- сыныптарда «Жүректен жүрекке» атты сынып сағаты балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық  ұғымдарын қалыптастыру, бір-біріне  көмек көрсету;

оқушыларды  еңбексүйгіштікке кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу

мақсатында өткізілді

Ұйымдастыру кезеңі шаттық шеңберінен басталды.

Сынып сағатында қайырымдылық туралы бейнематериал көрсетілді. Топпен суреттер салынды. Оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.

7 сынып оқушылары арасында  «Сүйіспеншілік – өмір өзегі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Өзіне адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым- қатынас жасау. Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру.

Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіре отырып, жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.

Әлеуметтік педагог  8-сынып ата-аналарымен «Ананың балаға деген махаббаты» тақырыбында аналармен сүйіспеншілік, шаттық, қамқорлық, бала бойындағы қайырымдылық, ізгілік қасиеттері туралы әңгіме-сұхбат  ұйымдастырды.

8-11 –сынып оқушылары арасында өткізілген «Баршаға сүйіспеншілік сыйлау, қамқорлық көрсету-біздің басты міндетіміз» тақырыбындағы жиынның  мақсаты:оқушы бойына сүйіспеншілікті, жылылықты   ұялату; Отанын, елін, ата-анасын, бауырларын, достарын құрмет  тұтып, адал да парасатты азамат болуға тәрбиелеу;оқушының сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі,сезім мен ой тазалығы,сүйіспеншіліктің мәні туралы  түсінік беру. Жиында бейнебаян көрсетіліп, жыр жолдары оқылып,тәрбиелік мәні бар көрініс көрсетілді.

Алғыс-жүректің естелігі» ұғымының мағынасын ашу,   мәдени құндылықтар мен адами қарым-қатынасын қалыптастыру, балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары мен  мектеп тәлімгерлері   слайд арқылы тақырыптың маңыздылығын ашты. Мектеп басшысы С.Ж.Артықбаева оқушыларға   тыныштық пен үндестік орнаған бейбіт елде өмір сүріп отырғанымыз үшін Елбасына, оқушыларға, олардың ата-аналарына, мектеп ұжымына алғыс айтып, ризалығын білдірді.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі 9-сыныптарда «Жүректен-жүрекке» тақырыбында  танымдық сайыс өткізді.

Мектеп психологі «Алғыс айту-менің түсінігімде», «Ризашылық дегенді қалай түсінесің?» тақырыптарында 7-8-сынып оқушыларымен тренинг, сауалнама жүргізіп, оқушылардың тақырыптар бойынша білімдерін саралап, психологиялық қолдау көрсетті.